14.03.2021, 15:43
Оқылды: 75

Сырымдағы "Шуақ күні"

Көрісу күніне орай Сырым аудандық мәдениет үйінің фойесінде "Шуақ күні" аталатын мерекелік шара өтті. Шараға ауданның үлкендері арнайы келді.

FB_IMG_1615714695212

Қазақылықтың иісі шығатын салт-дәстүріміз де ұмыт қалмады. "Тұсаукесер" рәсімі сахналанып көптің ықыласына бөленді.
Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов аудан тұрғындарын амал мерекесімен құттықтап, амандық тіледі.

FB_IMG_1615714705037

Халқымыз үшін жылдың басы саналатын мерекеде аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары өнер көрсетті. А.Алдамжаров "Дауылпаз", А.Сисенова "Беу құрбым" әндерін шырқаса, "Той базар" фольклоры,​ "Ақ маңдайлым" квартеті өнер көрсетіп, "Асыл" тобы "Ақжайық ару мекенім" деп шырқады.

FB_IMG_1615714632995

Шара соңында ауылдың жастары үлкендердің батасын алып, арқа-жарқа болды.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале