27.04.2021, 16:56
Оқылды: 46

Сырымдық Айнұр – қола жүлдегер

26-30 сәуір аралығында 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтуде.

Ай1

Орал қаласында өтіп жатырған чемпионаттың алғашқы күнінен-ақ жерлесіміз, Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Айнұр Амангелді 36 келі салмақта қола жүлде иегері атанды. Жалпы аудан намысын 8 спортшы қорғамақ.

Ай2

- Аталмыш чемпионатта барлық облыстан 450-ге тарта спортшы бақ сынауда. Айнұрдың жалпы 8 қарсыласы болды. 4 мәрте күресіп, 1 рет жеңіліс тапты. Қазір денсаулығы жақсы, дайындықтың қарқынды жүруі арқасында қарсыластарына тойтарыс беру Айнұрға аса қиынға түспеді, - дейді Айнұрдың бапкері Ержан Чукуров.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале