6.04.2023, 15:30
Оқылды: 129

Сырымдық Айнұр жалбыздан эко өнім жасады

Жыл сайын облыс орталығында оқушыларға арналған түрлі ғылыми жобалар байқауы өтеді. Соның ішінде Сырым ауданындағы мектептердің де оқушылары белсенді қатысып жүр. Жылдың басында облыс орталығында экологиялық білім беруді тұрақты дамыту бойынша үздік балалар бизнес-жобасы өткен болатын. Аталған жобаның 18 қатысушысы арасынан сырымдық Айнұр Балтуғанның (суретте) жобасы үздік үштікке кіріп, жүлделі ІІІ орын алды.

f3c90b36-a4ad-4b18-84a7-d1f83f91fbba

Жалбыздан жасалған жоба

​Жуырда ғана Сырым ауданында «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты аудандық байқауға келіп түскен жұмыстар арасынан Сырым мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысының ерекше жобасына көзіміз түсті.

​«Peppermint» – eco өнімі жобасы тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі – өсімдіктің рөлімен биологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, туған жерді көгалдандырып әрі бизнесті дамытуды мақсат тұтқан жоба екен.

bd7dc1a2-c0e6-4138-82e4-bf3c809e2dae

​-​Қазіргі таңда мектеп түлектері арасында өсімдік шаруашылығы мамандығына жалақы аз болуына байланысты қызығушылық төмен, бұл мамандықты бизнеспен ұштастыру арқылы пайда көзіне айналдыруға болады. Өзім болашақта медицина саласының таңдайтындықтан бұл эксперимент мен үшін қызықты болды.  Аулама тыңайтқыш ретінде қосылатын құрттарды топыраққа қосып, жалбызды 1 шаршы метр жерге 25 түп егіп, өсіріп көрдім. Күн сайын сызғышпен ұзындығын өлшеп, бақылауда ұстадым. Нәтижесінде, 1 түптен -  тұздық, 1 бояғыш зат, 10 дана кәмпит жасап шықтық.

8a8ca2d2-79dd-460b-9de0-3ac3a2827798

​Бір жағынан жалбыздың тек экологияға емес, адам үшін де пайдасы өте зор. Мысалы, біз өсірген жалбыздан изомальт, су қосып кәмпиттер, тоқаш, бояғыш зат, соус жасап көрдім. Бұл өнімдердің қай қайсысы болмасын денсаулыққа өте пайдалы, артық салмақтан арылуға, қант диабетімен ауыратын адамдарға пайдасы орасан зор, - дейді Айнұр.

Жетекші пікірі

- Ғылыми жобалар экологиялық бағытта болғандықтан, экологияға зиян тигізбейтін, керісінше гүлденуін көздейтін жоба болуын басшылыққа алдық. Алғашында бұл жобаға гипоаллергенді жақпамай жасауды көздеген едік, алайда, уақыт тапшылығына байланысты қысқа уақытта нәтиже беретін өнім ойлап табу керек болды. Айнұрдың ізденімпаздығы мен еңбекқорлығының арқасында көптің ойына келе бермейтін ерекше дүниелер пайда болды. Алдағы уақытта жалбыздан табиғи сусын, тағы да басқа өнімдер жасасақ деген ойымыз бар. Бір әттеген-айы, осындай табиғи өнімдерден дайындалатын ерекше жобалар облыстық деңгейден әрі аспай жатады. Оқушылардың болашағы үшін, ынталандыру мақсатында мұндай жобалар әрі қарай да жалғасын тауып, лайықты деген өнімдерге лицензия берілсе, нұр үстіне нұр болар еді, - деп ағынан жарылды Сырым лицейінің география пәнінің мұғалімі Янгүл Хайруллина.

7a555e9f-d2f4-4d7f-b966-e4add4b25be3

Кіріс һәм шығыс

​Көбіне көп ғылыми, экологиялық жобалардың тек нәтижесін ғана назарға алып жатамыз. Алайда, сол жұмыстардың артында үлкен еңбек, қалтаны қағар шығыны да болуы шарт.

d9c6a44c-f0eb-4434-b17c-45fdcf2b3da7

Айнұрдың жалбызды үйден өсіргеніне байланысты жасап шыққан өнімдерінің шығысы небәрі 200 теңгені құраса, кірісі 450 теңгені құраған. Атап айтсақ, бояғыш зат - 150 теңгені, кәмпиттер - 100 теңгені, тұздық - 200 теңгені құраған. Ол аз десеңіз, арнайы SWOT кестесін де жасап шығып, өнімдердің пайдасын, мүмкіндігін, кемшіл тұстарын зерттеген.

Сөз соңында

 ​Иә, ауданның оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқаулардан жүлдегер атанса, бөркімізді аспанға атып бір марқайып қаламыз. Бірақ, республикалық деңгейге жетпей, тасада қалатын жұмыстар бар. ​«100 жаңа есім» иегері атанған ғалым Нұрхат Жакиев жерлесіміз.  Ал біз құр диплом мен естелік сыйлық алып қана қайтатын оқушыларға тұсау салып жүрген жоқпыз ба? Бәлкім, сол қаракөз қыздар мен айбарлы ұлдардың да арасынан болашақ ғалым немсе кәсіпкер шығуы  мүмкін ғой.

Алдағы уақытта, облыстан орын алса да, алмаса да аудандық деңгейде жұмысы жоғары бағаланған, болашағы бар жобалармен жұмыстанып, керегіне лицензиясын алып беруді қолға алу керек секілді.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале