26.12.2022, 23:35
Оқылды: 55

Сырымдық балалар «Eldivinо» клубында

Элеонора Бекқазиева  бастаған «Мейiрiм» мүгедек балалар және олардың ата-анасының Батыс Қазақстандық қоғамы бірлестігі Орал қаласындағы Eldivinо клубында ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арнап жаңа жылдық думан ұйымдастырды.

Eldivino-да жыл сайын қалалық балаларға арналып өтетін  шараға биыл  Сырым ауданынан тоғыз бала қатысты.  Бірлестік төрайымы Элеонора Бекқазиева қатысушыларды жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

аяз

дет1

 

Балалар мен ата-аналар алдымен арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Түрлі кейіпкерлер балаларға ойын ойнатып, би билетті, ертегі әлеміне саяхаттаты. Аяз Ата мен Ақшақар сыйлық  үлестірді.

де

Айта кетейік, Орал қаласына жаңа жылдық думанға барған ата-аналар мен балаларды аудандық полиция мен Орал қаласының жол полициясы қадағалап, еріп жүрді.

дет2

Шынаи Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале