20.12.2024, 16:15
Оқылды: 70

Сырымдық балуандардың бәсі биік

Алматы облысында Жапек батыр кубогіне арналған дзюдодан 2010-2012, 2013-2014, 2015-2016 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында «JAPEK BATYR CUP» республикалық ашық турнир өткен болатын.

Балуандардың бәсі биік 4

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен татами шеберлері қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде сырымдық балғын балуандар топ жарды.

Атап айтсақ, Батырхан Әділбеков 26 кг салмақ дәрежесінде жауырынын жерге тигізбей, 1 орынды жеңіп алды.

Балуандардың бәсі биік 2

Айбол Қыдырғали 29 келі, Мансур Марат 35 келі салмақ бойынша өңіріне қоладан алқа тағып, 3 орын тұғырынан көрінді.

Балуандардың бәсі биік 1

Үкілеген үмітті ақтаған намысты ұлдардың жаттықтырушыларыМәулет Қожахметов, Бибарыс Нұралиев.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале