Оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмысының республикалық «Зерде» конкурсында сырымдық оқушы Диана Талғат үшінші орын иегері атанды.
Қорытынды кезең 30 қаңтар - 1 ақпан күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 2-7 сынып оқушылары арасында өткен.
Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің айтуынша, бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және қолдау мақсатындағы байқауға Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 5-сынып оқушысы Диана этномәдениет бағытында зерттеу ұсынған.
Айта кетейік, ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сырым ауданы бойынша 11 жас зерттеуші марапатталды.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz