2.02.2024, 12:45
Оқылды: 51

Сырымдық Диана «Зердеден» жүлде алды

Оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмысының республикалық «Зерде» конкурсында сырымдық оқушы Диана Талғат үшінші орын иегері атанды.

b8604469-3845-4495-a4d2-b01874d7a24a

Қорытынды кезең 30 қаңтар - 1 ақпан күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 2-7 сынып оқушылары арасында өткен.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің айтуынша, бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және қолдау мақсатындағы байқауға Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 5-сынып оқушысы Диана этномәдениет бағытында зерттеу ұсынған.

Айта кетейік, ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сырым ауданы бойынша 11 жас зерттеуші марапатталды.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале