4.02.2026, 17:30
Оқылды: 10

Сырымдық экоқорғаушылар табиғат күзетінде

Сырым ауданы Алғабас ауылдық округіндегі М. Қаналиев атындағы мектептің тәлімгері Нұрболат Жұмағазиев блардан құрған “Экоқорғаушылар” үйірмесі бүгінде қуатты қозғалысқа айналды.

PHOTO-2026-01-31-22-27-55

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбыл балаларды табиғат сабақтарымен тәрбиелеудің маңызын түсініп, аядай мектептің жанындағы жобаны тұтас аудан көлемінде таратуды қолдап отыр.

Кешегі аптада алғабастық “Экоқорғаушылар” Орал қаласы, Зашаған кенті маңындағы көлдерге ауа жіберу бағытындағы экологиялық акцияға қатысты. Аталған шараға EcoSaqshy қоғамдық бірлестігі мен экобелсенділер бастамашы болды.

Қыста су айдындарындағы тіршілік иелері үшін оттегі өте маңызды. Акцияға қатысушылар көл бетінде 101 ойық бұрғылап, қамыспен тығындады.

PHOTO-2026-01-31-22-29-17

Еріктілер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолында белсенділік танытты.

“Жасыл жауынгерлер” табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале