Соңғы аптада сырымдық оқушылар халықаралық өнер сайыстарында топ жарды. Ауданда білім бәйгесінің де дарабоздары бар екенін айтқан ләзім.
Кеше Орал қаласының іргесіндегі Подстепный ауылындағы мешітте ҚМДБ-ның өңірдегі өкілдігі және облыстық дін істер басқармасы жанындаеы Qubyla media ұжымының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы бойынша Құран Кәрімді жатқа оқу сайысы өтті.
Киелі кәләмның отызыншы парасын жадынан оқу бөлімінде сырымдық Еркін Руслан екінші орынға ие болды. Ұстазы – Сырым ауданының орталық мешітінің найб имамы Абдувахид Бабаханов.
Руслан Құран дәрістерінен ауыл мешітінің қабырғасында жүріп үйреніп, игерді. Шараға белгілі исламтанушы, ғалым Ерсін Әміре құрметті мейман болды.
Жымпиты даласынан қос дүниелік білімнің қазаны – Қасиетті Құран Кәрімнен нұр ішкен шәкірттер шыға бергей!
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы