7.09.2021, 15:03
Оқылды: 51

Сырымдық кәсіпкер қолдау білдірді

Қазекең «Берсең, балаға бер!» дегенді біліп айтқан. Осы ұстанымды жыл сайын жақсы үрдіске айналдырған сырымдық кәсіпкер Гүлфия Нигметова биылғы оқу жылында Ж.Досмұхамедов атындағы мектепте оқитын бір үйдің қос баласына қуаныш сыйлап, оқу құралын сатып алуға 30 мың теңге қаржылай көмектесті.

1630988207283
- Еліміздің болашағы саналатын ұрпағымыздың алаңсыз білім алып, саналы ұрпақ болуы үшін әрбіріміз өз үлесімізді қосқанымыз абзал. Алдағы уақытта да көмекке мұқтаж отбасыларға қолдауымызды көрсете береміз, - дейді жомарт кәсіпкер.

Г.Нигметованың жанашырлығына тәнті болған қос ұлдың анасы алғысын білдірді.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале