Сырым ауданындағы Елтай ауылдық округінің қоғамдық өмірі соңғы жылдары жанданып, жаңғырып келеді. Мысалы, Тасқұдық ауылында өткен жылдың қазан айында мектеп оқушылары үшін күрес үйірмесі ашылды.
Үйірмеге қатысатын жас балуандар әп дегеннен жетістіктерге жетіп үлгергенін көріп көзіміз қуанып отыр. Бұған әрине ауылдың жас маманы, күрес үйірмесінің жетекшісі Өркен Бисенов үлкен еңбек сіңірсе, бір жағынан ауыл балаларының ата спортқа, балуандық өнерге деген қызығушылық деп атар едік.
Шәкірттердің қабілетін, ынтасын байқаған мектеп түлегі, ауылдың азаматы, «Қарабура» шаруа қожалығының жетекшісі Қадырбек Шулеуов күрес үйірмесіне 400 мың теңгеге 15 дана татами алып берді. Ауылдан жырақта жүрсе де, елін есінен шығармайтын Қадырбектей азаматқа оқушылар мен олардың ата-аналары алғыс жаудыруда.
Сатым Қажгереев,
қоғамдық тілші,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер