15.01.2025, 11:30
Оқылды: 23

Сырымдық математик Нұрсұлтан Жәнібектің жобасы республика көлемінде таратылады

Нұрсұлтан Жәнібекті ұшқыр ойлы математик, білімді маман, балалардың сүйікті мұғалімі екенін сырымдықтар жақсы біледі.

Сонымен қатар ол – жобалаушы. Күні кеше Нұрсұлтан Нұрбергенұлының «INMAC» туындысы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген республикалық педагогикалық идеялар фестивалінде 36 қатысушы ішінен жүлделі II-ші орын иеленді.

473075470_2167695850294555_3712778217174199304_n

Бұл жұмыс «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері) бағыты бойынша облыстан I-ші орын алып, республикалық кезеңге жолданған болатын.

INMAC (Innovative Mathematical Cube) жобасы оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған инновациялық құрал болып табылады. Жоба Rubik кубының құрылымын негізге ала отырып, әртүрлі математикалық тақырыптарды визуализациялауды және интерактивті оқытуды қамтамасыз етеді. Кубтың әр беті белгілі бір тақырыпқа арналған, орталықтарында видеосабақтар орналастырылып, QR-кодтар арқылы тапсырмалар ұсынылады. Қосымша интернетке тәуелді емес және компьютер мен ноутбуктарда жұмыс істей алады. Жоба оқушыларға математика бойынша білімдерін тереңдетуге және ҰБТ-ге жүйелі дайындалуға мүмкіндік береді.

Бұл педагогикалық идеяны құрастырып, жобалаған және өз жұмысында екі жылдан бері пайдаланып отырған Нұрсұлтанның еңбегі республикаға таратылып, бағаланып отырғаны Сырым ауданының білім саласының инновациялық дамуына үлкен үлес деп білеміз. Жас ұстаздың жетістігі оған тәжірибе шеберханасын ұсына білген Сырым мектеп-лицейінің де ортақ мерейі.

 

Сырым аудандық білім беру бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале