19.06.2020, 15:03
Оқылды: 52

Сырымдық медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты, ақ жүректі жандар құрметке бөленді. Сырым аудандық ауруханасының директоры Роза Тахамбетова адам өмірінің арашашысы атанған әріптестерін марапаттады.

A7E76C2A-B82D-48B9-A5A9-1EB253DD9A92

Дүниені дүрліктірген дерт COVID-19 жұқпасына қарсы күресіп, жанқиярлық еңбек көрсеткен медицина қызметкерлері республикалық, облыстық марапаттарға ие болды.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында еңбек етіп, коронавирустың күретамырын қиюда сүбелі үлес қосып, науқастарды емдеп келген аудандық аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері Айгүл Анесованың өңіріне «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі тағылды. 

63DD8501-E438-4394-9B32-C4068D491262

Хирург-дәрігер Тимур Еспентаев «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасына ие болды. Медбике Жанар Гаитова, Динара Ихсанова, Сәулет Қожахметова, көлік жүргізушісі Алтынбек Бақтығалиевтерге «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің  салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның облыстық филиалының Құрмет грамотасы табыс етілді. Эпидемиолог көмекшісі Мөлдір Ким аталған бірлестіктің  100000 теңгелік сертификатын иеленді.  

Бірқатар үздік қызметкерлер аудандық аурухана директорының  мақтау қағазына ие болды. Олардың қатарында Ж.Балғалиева, Ж.Тойғожиев,  Г.Тахамбетова, М.Меңдіғалиева, Ф.Абдолова, В.Хамидуллин, Э.Рахымжанова,  Б.Иманғалиева,  А.Ғинаятова, Г.Бақтығұловалар бар.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале