"Балалар жылы" аясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған қазақ күресінен 2010-2011 жылғы қыздар арасында "Орал" спорт клубының ашық турнирі өтті.
Аталмыш турнирге Сырым ауданының жас палуан қыздары да қатысып, жүлдегер атанды.
Дәлірек айтсақ, аралтөбелік жас маман Айгерім Ғұмарова жетекшілік ететін күрес сыныбының шәкірттері Жансая Талғатова 26 келі салмақ дәрежесі бойынша, Көркем Дабылова 29, Айсұлу Махамбетова +38 салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленсе, көгерістік Темірлан Наурызбайдың шәкірті Ұлдан Мәдиқызы 38 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІ орын иегері атанды.
Жүлдегерлер диплом және медальмен марапатталды. Жауырындарың жерге тимесін, жас палуандар!
А.Амангелдина,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz