26.11.2022, 11:58
Оқылды: 53

Сырымдық спорт шеберлері жүлдегер атанды

 Орал қаласында КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бердіғали Төлегеновтің жүлдесі үшін дзюдодан 2008-2009 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында IV республикалық турнир өтті.
image-26-11-22-12-38-2
“Алғашқы күннен-ақ шәкірттеріміз жеңіс тұғырынан көріне бастады” деп ағынан жарылды Ержан Чукуров.
Қарағанды, Қостанай, Атырау, Ақтөбе облыстарынан, Астана қаласынан, көршілес Самара, Саратов, Оренбургтан 600-дей дзюдошы қатысқан додада жерлестеріміз Бекзат Қуанұлы 60 келі, Әділбек Насибуллин 35 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынды иеленді.
image-26-11-22-12-38-1
ІІ орынды 42 салмақ дәрежесінде Бекзат Қабеш қанағат тұтса, қыздар арасында Айжан Амангелдина 40 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иегері атанды.
image-26-11-22-12-38
Ауданымызға белгілі бапкерлер Ержан Чукуров пен Орынбасар Серік баптаған спортшылар тек  жүлдегерлер атанып қоймай, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале