9.09.2020, 17:01
Оқылды: 50

Сырымдық тұрғын 175 шақырымды велосипедпен жүріп өтті

Осыған дейін сырымдық марафоншы Ерболат Исановтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне 75 шақырымды жүгіріп өткенін жазған едік. Жуырда тағы бір сырымдықтың Абайға ерекше құрмет көрсеткенін естідік. Жымпиты ауылының 53 жасар тұрғыны Қанат Құлмұхан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының құрметіне 175 шақырымды велосипедпен жүріп өткен.

velojoryk (3)

Велосаяхаты туралы Қанат Құлмұхан газет тілшілеріне былай дейді:

-Абай – әр қазаққа жақынындай болған тұлға. Оның сөзі әркімнің жүрек сөзіндей сезіледі. Ұлы ақынның құрметіне әдеби шаралар өтіп жатыр ғой. Мен басқаша құрмет көрсеткім келді. Сөйтіп, велосипедімді мініп жолға шықтым. Жымпитыдан басталған жолым Аралтөбе ауылдық округі Қарабұтақ, Ноғайлы сайлары арқылы жалғасты. «Сұлтан» шаруа қожалығының жерінен өттім. Елтай бөгеті, «Нұр» шаруа қожалығынан шығып, Талдыбұлақ ауылына жеттім. Одан Алатау, «Дархан дала» шаруашылығын басып өтіп, Тереңқұдық, Үшоба, Топағаш, Ащысай нүктелерімен кері Жымпитыға келдім. Жорыққа 4 күнімді жұмсадым. Велосипедпен 30-40 шақырымды тоқтаусыз жүрген кездер болды. Кейде жаяу жүрдім.

Ауданда табиғаты керемет жерлер бар. Оны елей бермейміз. Кейбір жерлерге көлік бармайды. Аяқтай барып көру керек. «Өз жерім – өзімнің курортым!» деп ақын Махмет Қажиахметов айтпақшы, жорықтан шаршап емес, керемет демалып оралдым, – дейді жымпитылық велосаяхатшы.

velojoryk (4)velojoryk (5)

velojoryk (2)

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале