14.03.2024, 16:30
Оқылды: 8

Сырымдық хирургтарды қабылдады

14 наурыз - Көрісу күні қарсаңында Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов сырымдық қос хирургты қабылдады.

IMG_2581

- Мереке қарсаңында ауданға келіп, жергілікті дәрігерлермен бірлесіп халыққа консультативтік көмек көрсетіп жатқандарыңызға алғыс білдіреміз. Еңбек жолдарыңызды туған жерден, Сырым елінен бастап, жерлестерді қолдап жүретіндеріңізге рахмет! - деді ризашылығын білдірген аудан басшысы.

IMG_2582

Аудан әкімінің қабылдауында болған Алмат Оразов пен Бекежан Траисов облыстағы танымал хирургтар.

Алмат Айсағалиұлы бүгінде Оралдағы көпбейінді қалалық аурухананың хирург-дәрігер, жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі, пластикалық хирург, Бекежан Қаласұлы облыстық көпбейінді ауруханасының нейрохирург дәрігері.

IMG_2579

Құрметке бөленген ақ халатты абзал жандар еңбек жолдарымен, естеліктерімен бөлісті.

Аудандық аурухана директоры Сабыр Меңдешев әріптестері атынан аудан әкімдігіне алғыс білдірді.

IMG_2583

Жұмагелді Жолдыбайұлы адам жанының арашасы болып жүрген қос дәрігерге алғысхат және ауыл азаматтары атынан қос тұлпар мінгізді.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале