23.12.2020, 16:32
Оқылды: 35

Сырымдық жастар – облыста үздік

Кеше Орал қаласында «ZHRO belgisi - 2020» атты шара өтті. Облыстағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың жылдық жұмысы қорытындыланған салтанатты кеште Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы Батыс Қазақстан облысы бойынша «Үздік жастар орталығы» атанды.

IMG-20201222-WA0095

Марапат мұнымен шектелмейді. Орталықтың кеңесші маманы Қанат Құлмұхан облыстағы жастар мекемелерінің қызметкерлері арасында «Үздік қызметкер» болып танылды.

Бүгінгі күні жастар орталықтарының мойынындағы міндет жеңіл емес. Олар жастардың дамуы, қалыптасуы, бос уақытын өткізу сияқты дағдыларын ұйымдастырудан бөлек, әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне, білім алуына, жұмысқа орналасуына, кәсіп бастауына да көмекші болып жүр. Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен ашылған «SJ» жастар орталығы кейінгі жылдары  аудан жастарының құтты шаңырағына айналды.

IMG-20201222-WA0092

- Жастар жылы мен волонтерлар жылы біздің орталық үшін біріншіден, тамаша мүмкіндіктердің, екіншіден, тынымсыз еңбектің кезеңдері болды. Осы жылдар ішінде біз жақсы команда қалыптастыра алдық деп ойлаймын. Ең бастысы идеясы бар, пікірі бар, соған сай амалы бар сауатты, рухты, елімжан жастарды тани алдық. Біздің басты олжамыз – осы! - дейді орталық басшысы Нұртілеу Болат.

Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале