Бүгін сағат 7.00-де #294 Бұлан сайлау учаскесінде мемлекеттік Әнұран ойналып, әкім сайлауы салтанатты түрде ашылды. #294 Бұлан сайлау комиссиясының төрағасы Айдарбек Көлбаев сөз сөйледі. Алғаш болып ауыл тұрғыны Қалқаман Мұхамбетжанов өз таңдауын жасады. Белсенді дауыс беруші тұрғындардың кіре берістен дене қызулары өлшенуде.
"Қазақстан Халық партиясынан" Бұлан ауылдық округі әкіміне үміткер Руслан Тасқалиевтың сенім білдірген өкілі Ләззат Бақтығалиева, "Ауыл" партиясынан ұсынылған үміткер Мұрат Әділгереевтің сенімді өкілі Мәлік Тәжіғалиев, "Партиялық емес бақылау орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының байқаушысы, мобильді капитан Самира Қасымова, "Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы" қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің байқаушысы Сымбат Қуатова сайлауға қатысуда.
Айта кетейік, #294 сайлау учаскесінде 315 тұрғын таңдау жасамақ. Үйден дауыс берушілердің 13-і жасы келген қариялар болса, 11 адам үй карантиніндегілер.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz