«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жәнібек ауданы орталығындағы А.Байтұрсынов көшесіне асфальт төселіп, пайдалануға берілді.
Күрделі жөндеу жұмыстарын «РСУ-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасады.
Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиевтің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 202 млн. 327 мың теңгені құрады. Келісімшарт бойынша жұмыстар 2021-2022 жылдарға қарастырылған.
Автомобиль жолының ұзындығы 2308 метрді құраса, жол төсемінің ені 7 метр. Асфальт жабыны 1 қабаттан тұрады.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz