15.09.2021, 10:31
Оқылды: 31

Тағылымды кездесу өтті

14 қыркүйек күні С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Отбасым – алтын діңгегім» атты тағылымды танымдық кездесу өтті.

5

Тағылымы мол шараның ұйымдастырушысы, әрі жүргізушісі – Казталов ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина.

Өскелең ұрпаққа отбасы құндылықтары мен дәстүрімізді дәріптеу бағытындағы шараға «Мерейлі отбасы - 2021» байқауының қатысушылары Бақытжамал Жұмағалиева анамыз бен Нұрболат Шалашовтар шаңырағы болды.

6

Шара барысында батыр ана Бақытжамал Жұмағалиева өзінің өмірі мен отбасылық тәрбие, салт-дәстүрден сыр шертсе, Нұрболат Шалашовтың отбасы ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға қосып жүрген үлесі жөнінде әңгімелеп, жырдан шашу шашты.

7

Тағылымды шарада Бақытжамал анамыз «Ақ орамал» науқанына үн қоса отырып, Нұрболат Шалашовтың жарына орамал жауып, салт-дәстүрімізді түлетті.

Тағылымды шара соңында Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов шара қонақтарын Отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, қос отбасыға арнайы алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

9

Ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқанғали Бектілеуов те шараның ұйымдастырушылары мен қонақтарына ризашылығын білдірді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен шараны С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының әншілері әсем әнмен әрледі.

 

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале