27.01.2022, 9:50
Оқылды: 55

Тайлар түсті жарысқа!

Кешегі сенбіде «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен тай жарысынан ашық ауыл біріншілігі өтті. Ондағы мақсат - ат құлағында ойнайтын балалардың, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, ұлттық ойындарды дәріптеу. Биылғы жылдың алғашқы бәйгесіне Жымпиты, Өлеңтіден бөлек Бұлдырты, Қособа ауылдарынан барлығы 16 тай жарыс жолына шықты. Шарада жанкүйер көрерменнің де қарасы көп болды.
4345CAE2-1C4D-4BE0-ABF2-60D7E3890EE4

Бала тұлпарлар тосылуды білместен, жарыс жолын жарыса айналып шықты. Мәре сызығын бірінші болып Бекзат Әлтен мінген жүйрік кессе, екінші және үшінші орынды сәйкесінше Өтепов Нұрсұлтан мен Өміржан Ерасыл мінген тайлар иеленді. Құрматов Тимур «Жеңіске деген жігері үшін» марапатталды.

C0674D59-CF97-4DA9-B821-4D2D38763AF0

Жеңімпаз және жүлдегер шабандоздарды Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Е.Сәрсенов марапаттап, спорт клубы атынан диплом және ақшалай сыйлықтар табыстады.

Кейін Өлеңті ауылының атқұмар азаматтары сол жерге жиналған құнандар арасында да жарыс өткізіп, демеушілік көрсетті. Сәрсенбі күні Өлеңті ауылындағы атшабарда көкпаршылар серке бауыздап, жаттығу өткізді.

Жасқанат Есламғалиев,

Жымпиты ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале