25.05.2021, 20:42
Оқылды: 37

Талаптың орындалуы қадағаланады

Тасқала ауданында өткен партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында вакцинациялауға байланысты және жол-көлік инфрақұрылымына жай-күйіне орай сұрақтар қаралды.

6E0366EC-174B-43EF-BB3C-27D1DF29ABB2

  Вакцинациялау бойынша Тасқала аудандық ауруханасы бас дәрігерінің ақпаратына сәйкес, аудан бойынша үш айдың ішінде вакцина алғандардың саны - 3056 адам. Бұл дегеніміз жалпы екпе алуға жататын адамдардың 42 пайызын құрап тұр. Қазіргі уақытта аудандық аурухананың жылжымалы кешені ерікті түрде екпе алушылар үшін арнайы ауылдық округтерді аралауда. Қазіргі таңда ауданда жабдықталған екі екпе бөлмесі, 2 екпе және 2 шығу екпе бригадалары жұмыс жасауда. Екінші компонент бойынша 2071 адам екпе алып үлгерді. Бұған дейін екі компоненттің арасы 21 күн деп белгіленсе, ендігі жерде 45 күндік деп анықталуда. Аудан бойынша вакцинация үрдісіне тұрақты әрі жүйелі қызмет жасау үшін жұмыс тобы құрылғандығы және 2021 жылдың желтоқсан айына дейін ПБК отырыстарында вакцинациялауға байланысты мәселелердің тыңдалатындығы айтылып, кесте бекітілді.

   Жол-көлік инфрақұрылымына байланысты 2020 жылы аудан бойынша 6 көшені жарықтандыру, 38 көше және 3 ықшам ауданның жолдарын жөндеу, су құбырларын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Комиссия төрағасы Г.Ғ.Тұрғаналиевтің қатысуымен рейд барысында бірнеше ескерту жасап, құзырлы органдардың басшыларына мердігерлердің жұмыстарын уақтылы және сапалы аяқталуын бақылауға алу туралы талап қойды.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале