Сырым ауданында коронавирус індетіне және оның салдарын жою қозғалысы халықтық сипат алғалы біраз болды.
Бір аптаның ішінде аудандық ауруханаға Мәскеуден 11 оттегі концентраторы келді. Қайырымдылық шаралары округтер де жалғасуда. Талдыбұлақ ауылының алыс-жақында тұратын азаматтары 400 мың теңге қаржы жинап, дәрі-дәрмек алып, оны ауыл амбулаториясына тапсырды.
Жұрттың бәрі сабылып дәрі іздеп жатқанда, талдыбұлақтықтар емге шипаны тегін алмақ.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz