27.08.2021, 14:18
Оқылды: 103

Тәлімі мол тренинг өтті

Сырым ауданына "Әл-Азһар" түлегі, "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің бас маманы Гүлвира Заурбекова ұстаз келді. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қарсы алып, Сырым елімен таныстырып, естелікке “Алаш аманаты” кітабын сыйға тартты.

 1630046239336

“Сырым” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мотивациялық семинар-тренингке тек сырымдық  қыз-келіншектер ғана емес, Орал, Ақтөбе қалаларынан, Жәнібек, Казталовка аудандарынан да қатысушылар арнайы келді.

1630046263601

Гүлвира Заурбекова семинардың алғашқы бөлімінде Имам Ғазалидің “Бақытты қайдан іздеймін?” кітабына түсіндірме жасап, бақыттың түрлерін талдап, адамды бақытқа жетелейтін құндылықтарды кеңінен ашып түсіндірсе, “Рухани байлыққа қалай қол жеткізуге болады?” атты бөлімде адамды рухани байлыққа жетуде шектейтін эмоцияларға тоқталды.

1630046185012

Қыз-келіншектер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, ұстазға алғыс білдіріп, шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Келген қонағымызға естелік сыйлықтар мен алғыс хат беріліп, кейіннен жамағатпен дастарқан басында еркін әңгіме болды.

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале