22.12.2024, 11:00
Оқылды: 16

Талпынға таза су жетті

Теректі ауданы үшін 2024 жылдың соңы жақсы жаңалықтарға толы болып жатыр.

IMG_0731

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрбір әкімдіктің елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болуы тиіс. Биыл ауылдық елді мекендерге таза ауыз су жеткізу және су бұру жүйесін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа су құбыры желілері жүргізілді.

IMG_0719

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев Ақжайық ауылдық округіне қарасты Талпын ауылындағы ауыз су құбырын іске қосу рәсіміне қатысты.

Бұл ортадан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асырған «ПМК 117» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Станислав Кирилин табылды.

Әлия Биғазықызы талпындықтарды қуанышпен құттықтады. Ауыл тұрғындары атынан Теректі ауданының құрметті азаматы Амангелді Шұғаев сөз сөйледі.

IMG_0706

Ашылу салтанатынан соң аудан басшысы Карима Төрежанованың шаңырағына барды. Зейнеткер бұл жаңалыққа дән риза. Шәйнекке суын құйып, үй-іші мәре сәре болып жүр. «ПМК 117» ЖШС атынан әжейге су жылытқыш табысталды.

Айта кету керек, ауыз су құбыры іске қосылған Талпын ауылында 341 адам тұрады. Сондай-ақ 84 шаңырақ түтін түтетіп отыр.

Ақтілек Орынбасар,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале