Жәнібек Кенжеғалиев
№137 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы
– Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына сай республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.
Осы ретте ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 6 қазанына тағайындалған республикалық референдумда қазақстандықтар елімізде Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты өз таңдауын жасауы қажет.
Сол арқылы біз Ата Заңымызда көзделген республикалық референдумға қатысу құқығымызды жүзеге асыруға мүмкіндік алып, көпшіліктің талқысына шығарылған мәселе бойынша өз пікірімізді білдіре аламыз.
Сондықтан да мен барша аудан сайлаушыларын белсенділік танытып, 6 қазанда өздерініз тіркелген дауыс беру учаскелерге келіп, таңдауларыңызды жасауға шақырамын.