Бөкей орда ауданы №53 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Таң сәріден өз таңдауын жасауға асыққан сайлаушылардың қарасы қалың. Әсіресе, дауыс беруге отбасымен бірге келген тұрғындар көп.

Солардың қатарында газетіміздің тұрақты оқырманы, белсенді авторымыз Арыстан Ажғалиев атамыз да бар.
Жан жары Айжан апамызды қолтықтап, бірге келген атамыз:
- Қазақ тарихында құрылтайдың жаттығы жоқ. Ұлтқа қызмет жасаса болғаны, - дейді атамыз.

Жұп боп келіп, таңдауын жасаған отбасылар қатарында Есқайыр Ташуов, Мұтиғолла Әбілов, Болат Харесов, Нұрмұқанбет Өтегенов, Ерболат Мұратовтардың да жанұялары бар.
Айта кетейік, сайлау учаскесінде дауыс беру барысы белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылып, тұрғындар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлаушылардың белсенділігі таңғы уақыттан-ақ байқалуда.
Ақсәуле Әлжанова
Бөкей орда ауданы