3.03.2021, 11:04
Оқылды: 64

Таңдаушылар таңдауын жасады

3 ақпан күні Казталов аудандық аумақтық сайлау учаскесінде таңдаушылар Қараоба, Талдыапан ауылдық округі әкімі лауазымы үміткерлеріне дауыс берді.

IMG-20210303-WA0010

Дауыс беру рәсімі алдында таңдаушыларға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов дауыс беру тәртібін түсіндірді. Дауыс беруге 11 таңдаушыдан 10 депутат қатысты.

Сайлау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес өткізілді.

IMG-20210303-WA0011

Жалпы таңдаушылар саны 11, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар - 10. Қараоба ауылдық округі әкіміне үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: С.Ищановқа – 7, Н.Қажығалиевке – 3.
Көпшілік таңдаушылардың дауысымен Қараоба ауылдық округінің әкімі болып Сәкен Сәлімжанұлы Ищанов сайланды.
Талдыапан ауылдық округі әкіміне үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: М.Рахметуллинге – 6, Т.Бержановқа – 4. Көпшілік таңдаушылардың дауысымен Талдыапан ауылдық округінің әкімі болып Мұрат Есетұлы Рахметуллин сайланды.
Сайлау санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілді.

 

«Ауыл айнасы»,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале