17.01.2024, 17:15
Оқылды: 134

«Таңғажайып сәт» фотосурет байқауы қорытындыланды

Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінде «Таңғажайып сәт» аудандық сырттай фотосурет көрме байқауы өтті.

image-17-01-24-04-42-1

Байқау мақсаты - балаларды мәдениетке баулу, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушылар арасында фото өнерін насихаттау.

image-17-01-24-04-42-2

Аудандық фото байқауға 8 бен 16 жас аралығындағы оқушылардың жұмысы қабылданды. Сайысқа Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Антон Галкин, «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі Балнұр Қанаева, БЖТжЭО өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айдана Алғазиева қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен «Сәтті селфи» номинациясы Ақсуат мектебінің оқушысы Қасым Есенгазиев, «Туған жер» номинациясы  бойынша Госплемстанция мектебінің оқушысы Күмісай Рашид І орынға ие болды.

image-17-01-24-04-42-3

«Қыс қызықтары» номинациясы Госплемстанция мектебінің оқушысы Айназ Мыңжасар, «Мектеп өмірі» номинациясы Чапаев мектебінің оқушысы Аделя Жанғалиева, «Тоқта, тез қозғалыс» бағыты бойынша Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Дильназ Каримова үздік атанды.

image-17-01-24-04-42-4

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім беру бөлімінің дипломдары мен және алғысхаттармен марапатталды.

Үздіктер байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале