5.11.2021, 12:56
Оқылды: 63

Тәнге қуат, жанға шуақ сыйлаған

Күй астанасы атанған Жаңақала ауданында соңғы жылдары медицина саласы қарқынды  дамуда. «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» ұжымының халық  денсаулығын жақсарту бағытындағы сапалы қызметі көптің көңілінен шығып жүр. Бұл  орталыққа Батыс Қазақстан облысының барлық ауданынан және көршілес Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе өңірлерінен де дертіне дауа іздегендер арнайы  келіп, ем-дом  алады.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 10.46.14 (5)

Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» 2009 жылы Жаңақала ауданы орталығында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарынан зардап шеккен адамдарды сауықтыру бағытында ашылған еді. 100 орындық орталық сол жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы әкімшілігінің №273 үкімімен «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып құрылды. 2013 жылдан бастап «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын  болып  өзгертілді.

Бүгінгі таңда жанына дәру іздеп келушілерге аталмыш орталықтың 104 қызметкері, оның ішінде 5 дәрігер, 27 мейірбике, 2 емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, 27 кіші медицина қызметкері және әкімшілік, шаруашылық қызметкерлері қызмет көрсетуде. Ең басты мақсат-мұратымыз – халыққа тиімді және қолжетімді көмек көрсету деп білетін орталықтың басшылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында үнемі семинар сабақтар өткізіп отырады.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 10.46.14 (4)

«Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» күні бүгінге дейін өңіріміздің әртүрлі аймақтары мен Орал қалалық емханаларынан ауруына шипа іздеп келген 20 008 адамға медициналық-психологиялық және әлеуметтік, яғни республикалық стандарт бойынша кешенді оңалту көмегін көрсетті. Оның ішінде 3286 мүгедек, 44 Ұлы Отан соғысына және 95 Ауған соғысына қатысушы, 97 Чернобыль апатынан, 273 Семей полигонынан зардап шеккендер және 13 387 зейнеткер неврологиялық аурулары мен тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, жүрек, ми қан тамырлары ауруларынан емделіп шықты.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 10.46.14 (1)

IMG_2537 (1)

Орталық негізінен емдік дене жаттығулары арқылы емдейді. Сонымен қатар балшықпен, парафинмен, тұзды шахтамен емдеу, оттекті коктейль, қауыз, тұзды ванна, массаж емдері бар. Мұнан бөлек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына толықтай ауысуына байланысты сауықтыру орталығында:

– Пульмонология, бронх демікпесі, созылмалы бронхит (ХОБЛ емшара 14 күн аралығы);

– Ковидпен ауырғаннан кейінгі (ІІІ кезеңде, емшара 10 күн аралығы), травматологиялық аурулар, неврологиялық ауруларды (емшара 14 күн аралығы) емдейді. Тек емделуші міндетті түрде І, ІІ кезеңінде пульмонологиялық, травматологиялық, неврологиялық орталықтан емделіп, ІІІ кезеңінде оңалту орталығынан (реабилитация) шараларын ала алады. Ол үшін  тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерге жолығып, толықтай ақпарат алып, керекті құжаттарды жинап, порталға тіркелу керек. «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығында» портал арқылы емделу ақысыз. Қазір орталықтың жағдайы жақсы.  Кадр жеткілікті. Осы уақытқа дейін қиындық тудырған қаржылық мәселелердің барлығы шешілді. Жаңа медициналық құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп жатырмыз. Қысқасы, біздің орталықта жұмысістеуге, емделуге барлық жағдай жасалған, – дейді орталық директоры  Қобыланды  Бекенов.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 10.46.14 (6)

Ұйымшыл  ұжым – көпке  үлгі

«Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» ұжымы – сауықтыру, емдеу  жұмыстарымен айналысып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да жұмыла атсалысып  жүрген ұйымшыл ұжым. Олар ем алушылармен бірге ауданымызда өтіп тұратын әртүрлі мерекелік іс-шаралар мен спорттық жарыстарда үнемі белсенділік танытып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Аудандық іс-шарамен қоса, мекеме ішінде де байқаулар, мерекелік іс-шаралар, спорттық сайыстар, сенбіліктер мен би кештерін ұйымдастырып, демалушылардың уақытты қызықты да тиімді өткізулеріне  жағдай  жасап  отыр.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 10.46.14 (3)

Сапалы қызметке дән  риза

Денсаулығына байланысты аталмыш орталықта ем алған жандардың бірде-біреуі орталық туралы жағымсыз пікір білдіріп, сынағанын естімедік. Аудан тұрғындары да, басқа облыс, аудандардан келгендер де сауықтыру орталығының жанға жайлы, көңілге сайлы екенін, дәрігерлердің білімі жоғары, адамгершіліктері биік екенін айтып, ризашылық танытқандарына талай мәрте  куә  болдық.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 10.46.14 (2)

– Орал қаласының тұрғынымын. 31 желтоқсан күні инсульт алып, қатты ауырдым. Содан Ақтөбе қаласындағы «Дәру» емханасында ем алдым. Жақында Жаңақала ауданындағы сауықтыру орталығына келіп, орналастым. Мұнда бәрі жақсы, сапалы қызмет көрсетуде. Дәрігерлер білімді. Әсіресе Қ. Бекенов, С. Қожағалиева, Г. Тапишова, З. Гумарова, Н. Кусайнов, Р. Мазимова сынды ақ халаттыларға алғысымыз мол, өте ризамыз. Еңбектеріне жеміс, дендеріне саулық тілеймін, - дейді емделуші Дәмеш Ермекова.

Сауықтыру орталығы туралы мақала жазу барысында біраз адаммен сұхбаттасып, ой-пікірлерін тыңда-дым. Бәрі де бұл орталықтың оңтайлы істеріне бірауыздан ризашылық білдіріп, іргелі ұжымға алғыстарын жаудырды.

Иә, мына бес күн жалғанда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам аз. «Денсаулық – зор байлық» деп дана қазақ бекерден бекер айтпаған. Әр адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы қажет. Егерде жаныңыз ауырып, дертіңіз дендесе, қандай да бір ауру мазаласа, Жаңақала ауданындағы «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығына» келіп, ем алып,  демалып  қайтыңыз.

Алтынбек  Ермекқалиев,

Жаңақала  ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале