11.07.2022, 15:15
Оқылды: 42

Танымал сазгер - Казталовта

Бүгін Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, танымал сазгер, əнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Донеділ Қажымов Казталов ауданына келді.

20220711_102420

Донеділ Қажымовты аудан орталығының кіреберісінен қарсы алып, қонаққа ақ пен бауырсақ ұсынып, əннен шашу шашты.
Сазгердің «Ақ Жайық», «Айлы түн», «Махаббат», «Ақ Жайық — ару мекенім», «Екеуміз» атты әндері жұртшылыққа кең танымал. Ол бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының түлегі. Ұзақ жыл Ақ Жайық өңірінде өнер саласында қызмет атқарған Донеділ Ізмағамбетұлы бүгінде Қадыр Мырза Әлі атындағы халықаралық қорға жетекшілік етеді.
Донеділ Ізмағамбетұлы өзінің 70 жас мерейтойы қарсаңында Казталов ауданы орталығында "Ақжайық, елге келсем, сен деп келем!" атты шығармашылық концертін берді. "Ақжайығым", "Ауылым" деп тебірене əн шырқаған əншіні аудан орталығының жұртшылығы жылы қабылдады.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале