Жуырда Жамбыл облысы Тараз қаласында қол күресінен (armwrestling) Қазақстан Республикасының ХІ жазғы гимназиадасы өтті.
Аталмыш додаға қатысқан еліміздің әр өңірінен келген командалар қатарында БҚО құрама командасы сапында өнер көрсеткен Қаратөбе ауданының қол күресі шеберлері де бақтарын сынап, жарыстың жүлдегерлері атанды. Атап айтсақ, 40 келі салмақта Мансұр Мағзом ІІ орын, 45 келі салмақта Әлихан Валерий ІІ орынды жеңіп алып, аудан намысын қорғады. 50 келі салмақта Бағлан Мирболатұлы ІІІ орын, 55 келі салмақта Райымбек Жасұлан ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 19-22 сәуір күндері аралығында жоғарыда аты аталған төрт спортшымыз гимназиаданың облыстық кезеңінде топ жарып, осы республикалық жарысына жолдама алған болатын.
Спортшылардың жеке жаттықтырушылары - Бақыт Зинуллин (Ханкөл ЖОББМ), Нұрқат Нысанов (аудандық спорт мектебі).
Әмірбек Жәнібеков,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz