23.08.2026, 8:45
Оқылды: 30

Тарихи таңдау: аудан әкімі көршілерімен бірге дауыс берді

Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айрықша күндердің бірі. Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп, ел азаматтары маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасауда.
image-23-08-26-08-39-1
Осы айтулы күні аудан әкімі Асланбек Сарқұлов дәстүрге сәйкес  Ы.Сауанов көшесінің тұрғындарымен бірге №219 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Таң атқаннан-ақ сайлау учаскелеріне ағылған жұртшылықтың белсенділігі ел азаматтарының қоғамдық жауапкершілігінің жоғары екенін аңғартты.
image-23-08-26-08-39-5
Асланбек Ахметоллаұлы бұл сайлаудың тарихи маңызына тоқталып, Құрылтай сайлауын ел тарихындағы алғашқы маңызды саяси оқиғалардың бірі ретінде атап өтті.
— Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік орны бар тарихи күн. Құрылтай сайлауы – ел тарихындағы маңызды саяси оқиғалардың бірі. Бұл азаматтардың өз таңдауын білдіріп, мемлекетіміздің келешегіне қатысты ортақ жауапкершілікті сезінетін сәт. Әрбір азаматтың дауысы маңызды. Өйткені елдің ертеңі бүгінгі таңдаудан басталады, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, Ы.Сауанов көшесінің тұрғындары әр саяси науқан сайын белсенділік танытып келеді.
Асылбек Нәсіпқалиұлы 
Казталов ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале