Бүгін Оралда Батыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақтан ересектер арасында чемпионат өтті.
Үш күнге созылған додаға Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары да қатынасқан болатын.
Нәтижесінде ерлер арасында Нұрберген Түсіпқали І орынды иеленсе, Нұрәлі Арматұлы ІІІ орынға табан тіреді.
Блиц (шапщан ойын) түрінен ерлер арасынан Нұрберген Түсіпқали мен қыздар арасынан Аяжан Мағзомова ІІІ орынды місе тұтты.
Аудан тарихы бойынша осы кезге дейін ерлер арасынан жеңімпаз шықпаған еді. Қыздар арасынан 2016 жылы Шынар Мұратова мен 2020 жылы Інжу Қайыржанова жеңімпаз атанса, мінекей биыл тұңғыш рет Нұрберген Түсіпқали жеңімпаз атанып, мереке қарсаңында тағы бір мәрте мәртебемізді асқақтатты. Ағайынды Нұрберген мен Нұрәлі Арматұлдары тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттарда жасөспірімдер және жастар арасынан бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрініп, республикалық додаларда аудан абыройын қорғап жүр. Ескерте кетейік, аталмыш сайыста, сонымен қатар жасы 60-тан асқан ардагерлер де бақ сынасқан болатын. Жүлдегерлерді сынға дайындаған жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлының да елеулі еңбегін айтпасқа болмайды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz