15.12.2023, 15:45
Оқылды: 11

Тарихи жеңіске қол жеткізді

Бүгін Оралда Батыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақтан ересектер арасында чемпионат өтті.
IMG_20231215_144723
Үш күнге созылған додаға​ Жаңақала аудандық​ балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас​ спортшылары​ да қатынасқан болатын.
Нәтижесінде ерлер арасында Нұрберген Түсіпқали І орынды иеленсе, Нұрәлі Арматұлы ІІІ орынға табан​ тіреді.
Блиц (шапщан ойын) түрінен ерлер арасынан Нұрберген Түсіпқали мен​ қыздар​ арасынан Аяжан Мағзомова ІІІ орынды місе тұтты.​
Аудан тарихы бойынша осы кезге дейін ерлер арасынан​ жеңімпаз шықпаған еді. Қыздар арасынан 2016 жылы Шынар Мұратова мен 2020 жылы Інжу Қайыржанова жеңімпаз атанса, мінекей биыл тұңғыш рет Нұрберген Түсіпқали жеңімпаз атанып, мереке қарсаңында тағы бір мәрте​ мәртебемізді асқақтатты.​ Ағайынды Нұрберген мен Нұрәлі Арматұлдары тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттарда жасөспірімдер және​ жастар арасынан бірнеше рет​ жеңіс тұғырынан​ көрініп, республикалық додаларда​ аудан абыройын ​ қорғап жүр. Ескерте кетейік, аталмыш сайыста, сонымен қатар​ жасы 60-тан асқан ардагерлер де бақ сынасқан болатын.​ Жүлдегерлерді​ сынға дайындаған​ ​ жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлының да елеулі еңбегін айтпасқа болмайды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале