27.10.2021, 11:50
Оқылды: 69

Тәртіпсіз берілген білім — адамзаттың қас жауы

Жуырда Госплемстанция ЖОББМ-нің  5,6,7,8-сынып ата-аналары арасында «Бетпе-бет» атты шара өтті. Кездесу барысында ата-аналар пән мұғалімдеріне барып, баласының сабақ үлгерімін, тәртібін, бақылау жұмыстарымен танысып, оқушылармен жүргізілген жұмыстардың қорытындысын қарап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Өз кезегінде пән мұғалімдері, сынып жетекшілер әр оқушының оқу-тәрбиедегі жетістіктерімен таныстырды.

 C866FC10-3A16-4E32-9BDF-3F54084B422D

Шарадан соң ата-аналармен дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Оғаү  Теректі АПБ-НІҢ ЖПҚ УПИ КТІЖ аға инспекторы, полиция майоры К.Ермеков, Теректі АПБ ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Қ.Жылгелдиев қатысып, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында  құқық бұзушылық және қылмыс белгілерін, түрлерін, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін таныстырды. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің  кешкі 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жалғыз жүрмеуін де ескертті.

CE02B5F3-9D2D-42E3-84B2-535E3E75F22A

Сонымен қоса  қазіргі жастар арасында белең алып бара жатқан электронды темекінің зияны туралы баяндап, әлеуметтік желінің, виртуалды ойындарды шексіз пайдаланудың зардаптары туралы ата-аналармен әңгімелесті.

Ата-аналар да түнгі уақытта балаларға ауылдағы қауіпті жерлер туралы айтып, сақтық шараларды қадағалауды сұрады.

Кездесуден соң «Балалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда ата-анамен мектептің рөлі» атты семинар ұйымдастырылды.  Семинар барысында психолог Д.Құспаева «Буллинг және кибербуллинг» туралы кеңес беріп, оқушыларға кез келген ұсақ-түйек құқық бұзушылықтың өзі жауапкершілікке алып баратынын ескерті. Логопед А.Жұбаниязова құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстырып,  тәртіп бұзушылыққа бейім балаларды қалай анықтау жолдарын ұсынды. Ата-аналар үш топқа бөлініп шығармашылық жұмыс орындады. Мәселен, «Ата-ана», «Оқушы», «Мұғалім» болып рөлдік тапсырмалар орындап,  мектепте оқу -тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарымен, өткізетін шараларды ұсынды.

Семинар соңында мектеп директоры Г.Амандықова бала тәрбиелеудегі ата-ана мен мектептің алгоритмін ұсынды. Білім беруде алдымен тәрбие берілуі тиіс. «Тәртіпке бағынған құл болмайды»  деген Б.Момышұлының сөзін есімізде сақтап, өмірде жүзеге асырудың және өтпелі кезеңде жүрген жасөспірімдердің тәртіпті қатаң ұстанып, құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігін де баса айтты.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале