Бүгін Қаратөбе ауданында мониторингтік топ мүшелері шектеу шаралары талаптарын бұзып, отбасылық шара ұйымдастырған ауыл тұрғынының үйіне барды. Ауыл тұрғыны А.Сәрсенғалиевке адамдар көп жиналатын отбасылық іс-шараларды ұйымдастырмау туралы мониторингтік топ мүшелері бір апта бұрын жазбаша ескерту беріп, таныстырғанымен, тұрғын салынған тыйымды елемей, шараны ұйымдастырған.
Шектеу талаптарын бұзған шараны ұйымдастырушыға және оған қатысқан асаба, музыканттарға ҚР ӘҚБТ Кодексінің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Отбасылық мереке тоқтатылды.
Құрметті аудан тұрғындары! Әр азамат өз жанұясына жауапкершілікпен қарауға тиіс. Себебі инфекция ойнайтын зат емес. Індеттің алғашқы толқыны қаншама жанның өмірін жалмады. Карантин режимі талаптарын сақтап, жақындарымызға қорған болайық!
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы