17.08.2023, 17:00
Оқылды: 27

«TartylFest» жарысы өтті

Шыңғырлау ауданының 95 жылдығына орай «Шыңғырлау жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жалынды жастар - кемелді болашақ кепілі» тақырыбындағы кешенді шара аясында жастар мен жасөспірімдерді салауаттылыққа баулу мақсатында «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» алаңында «TartylFest» жарысы өтті.

фест (1)

Бұл жарыс түріне қызығушылық танытқан да, өз күштерін паш етпекке талпынған да жастар көп болды. Белтемірге тартылып қана қоймай, түрлі қиын жаттығуларды орындап көрсеткендер жұртты тәнті етті. Қызықтаушылар да аз болған жоқ. Осындай қызықты сайысты өткізуге түскен ұсынысты қабылдап, ат басын ауданға бұрған Батыс Қазақстан облысының «Street Workout» федерациясының төрағасы Юрий Кичатов спорттың бұл түрінің өзіндік әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, елдің назарын баурап алды.

фест (2)

Шара аясында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Ю.Кичатовқа аудан әкімі М.Өмірәлиевтің алғысхаты табыс етілді.

фест (4)

 Айбатыр Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале