11.09.2021, 9:04
Оқылды: 101

Тартысқа толы турнир өтті

      Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболдан аудан біріншілігі өтті.

1631290089615
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов ауылдық округтер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және аудан көлемінде волейболды кеңінен дамыту мақсатында ұйымдастырылған турнирде сынға түскелі тұрған 12 командаға сәттілік тіледі.
Тартысты ойынның нәтижесінде Қособа ауылдық округінің командасы ІІІ орынға табан тіресе, Жосалы ауылының спортшылары ІІ орын, Бұлдырты ойыншылары І орынға лайық деп танылды.
Жекелеген волейболшылар арасында жосалылық А.Жауымбаева «Үздік қорғаушы», Н.Мағзомов «Үздік байланыстырушы», қособалық А.Тасболат «Үздік шабуылшы», С.Мұхамедова «Үздік ойыншы», бұлдыртылық А.Матышева «Ардагер ойыншы», Н.Уалиахметов «Тосқауыл қоюшы» аталымдарына лайық деп танылып, оқ бойы оза шауып, үздіктер қатарынан көрінді.

1631289588862 (1)

Жүлдегер командалар мен ойыншыларға аудандық «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов пен Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале