11.09.2024, 21:41
Оқылды: 108

Тасқала аудандық Халықтық штаб өкілдері Достық ауылының тұрғындарымен кездесті

2023 жылдың 2 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялады. Осыған орай, бүгін аудандық Халықтық штаб өкілдері Достық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

IMG-20240911-WA0117

Жиынның ашылуында аудандық Халықтық штаб төрағасы Люция Жұбанышқалиева сөз сөйлеп, кездесудің басты мақсаты мен оның маңыздылығына тоқталды. Ол Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі басым бағыттарды атап өтті.

IMG-20240911-WA0119

Келесі кезекте сөз алған аудандық Халықтық штаб мүшелері Ганмирлан Тұрғаналиев пен Азамат Құлшыманов Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін оң әсері мен маңыздылығын жан-жақты талдады. Сонымен қатар, Халықтық штаб мүшелері 6 қазанда өтетін АЭС салу бойынша референдумға қатысты ойларымен бөлісті. Олар АЭС құрылысының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызын түсіндірді. АЭС-тің қазіргі заманғы технологиялық қауіпсіздігі, қоршаған ортаға ықпалы, сондай-ақ экономикалық тиімділігі туралы нақты мәліметтер берілді. Штаб мүшелері референдумның Қазақстанның энергетикалық болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенді түрде қатысуға шақырды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары Жолдау мен алдағы референдумға байланысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале