15.02.2025, 11:00
Оқылды: 283

Тасқала ауданы: Алмалыға көгілдір отын қосылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойып отырған тапсырмаларының бірі – ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту. Былтыр Тасқала ауданында жаңадан тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтті және электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

photo-output

Осы орайда, 2025 жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Әкімшіліктің қолдауымен ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі және демеушілердің көмегімен Алмалы ауылына газ тарту жұмыстары жүргізілді. Газ тарту жұмыстарын мердігер мекеме «ЭлитСтройМастер» ЖШС-і атқарды.

photo-output
Алмалы ауылында көгілдір отын алауын жағуға арналған салтанатты шарасына қатысқан аудан басшысы Талғат Асқарұлы ауыл тұрғындарын бүгінгі қуаныштарымен құттықтады. Аудан басшысы жұмыстарды жүргізуге атсалысқан «ЭлитСтройМастер» ЖШС-і басшысы Аманжол Рашитұлына және жұмыстарды ұйымдастыруда белсенділік танытқан ауыл тұрғыны Мейірман Елеусінұлына өз алғысхаттарын табыстады.
Шара барысында сөз алған мердігер компанияның басшысы Аманжол Рашитұлы тұрғындарды құттықтап, жұмыстарды жүргізуге қол ұшын созған ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді.

image-14-02-25-07-54

Халықтың игілігіне пайдалануға берілген көгілдір отын алауын жағу рәсімі ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Дәулет Кенжеғалиұлына берілді.

Гүлмира Мақанова
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале