Бүгін ертемен 7-00 де Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылдық округіндегі №327 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Ең алдымен Мемлекеттік Гимн орындалып, учаскелік сайлау комиссияның төрағасы Гулайым Абенова сайлау жұмысына сәттілік тіледі. Аталмыш сайлауға 718 тұрғын қатысады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, сайлау 20-00 ге дейін өз жұмысын жалғастырады.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы