Бүгін Тасқала ауданына қарасты Атамекен ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №339 сайлау учаскесінде Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп жатыр.

Алдымен еліміздің Гимні ойналып, сағат 7:00 де учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады.

Айта кетейік, Қазақстан ауылдық округі әкімі лауазымына үш кандидат қатысуда. Сайлауға ерте келіп, алғаш дауыс берген ауыл тұрғыны Қалиолла Сутеевке комиссия төрағасы естелік сыйлық табыс етті.

Назгүл Серікқызы
Тасқала ауданы