Бүгін Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясында Дүние жүзілік сайлау күніне орай «Ашық есік» күні өтті. Аталмыш шараға келген Сайлау ардагерлері мен қонақтарға аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Құрманғалиқызы сайлау жүйесіндегі өзгерістер мен ақпараттық тақталарды таныстырды. Әсіресе, кез-келген сайлаушы QR арқылы өзіне қажетті участокты таңдауға болатынын жеткізді.
Содан соң, аталмыш ғимаратта аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, «AMANAT» партиясы, Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, сондай-ақ, комиссия мүшелері мен учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары, ардагерлер мен жастар ресурстық орталығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымды қалыптастыру болатын.
Жиынды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Баишева ашып, сайлаудың маңыздылығын тілге тиек етті және атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сайлау- бұл өте маңызды құқықтық және қоғамдық- саяси процесс. Конституцияда халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады делінген. Сондықтан сайлаушылардың, әсіресе жастардың сайлау мәдениетін қалытастыру, құқықтық сауаттылығы мен белсендігін арттыру өте маңызды және қажет.
Тасқала ауданы бойынша 35 сайлау комиссиялары бар. Соның ішінде–1 аудандық аумақтық (7- комиссия мүшесі), 1-облыстық округтік (5 комиссия мүшесі), 11 аудандық округтік сайлау комиссиялары(55 комиссия мүшесі) және 22 учаскелік сайлау комиссиялары(126 комиссия мүшесі). Барлығы 193 комиссия мүшелері бар.
Аумақтық сайлау комиссиясы 7 мүшесінен құрылған, соның ішінде төраға, орынбасары және хатшысы тұрақты кәсіби негізінде қызмет атқарады.
Қазір сайлау үздіксіз форматқа көшті деуге болады. Өздеріңіз білетіндей
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері Тасқала ауданында 9 ауылдық округ болса, соның 7 халықпен сайланды. Қалған 2 округ олар Мерей және Мереке ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өкілеттілік мерзімі бітуіне байланысты 2 наурызға тағайындалды.
2023 жылы күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлай бастадық. Барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен сайланды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз Жолдауында: «Осы жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай, яғни ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам» -деп атап өтті-деді Динара Құрманғалиқызы өз сөзінде.
Содан соң аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы сөз алып, жиынға қатысушыларды аталмыш мерекемен құттықтады.
Бұл күн баршамыз үшін ортақ мереке, өйткені әрқайсымыздың оған қосар үлесіміз бар. Соңғы уақытта сайлау жүйесінде де көптеген реформалар болып жатыр. Болашақта сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әділ сайлау өтеді деген сенім мол-деді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын ортаға салса, сала ардагерлері өздері қызмет еткен уақыттағы сайлау мен қазіргі сайлаудың арасындағы айырмашылықтарды тілге тиек етіп, әр адамның дауысы маңызды екеніне тоқталды. Әсіресе, сайлау кезінде бюлетендерді орталық сайлау комиссиясына жеткізуде ауа райының қолайсыздығынан талай рет жолда қалғандарын, немесе сайлау жәшіктері қазіргідей емес, ағаштан болғанын айтып, сайлау жөніндегі естеліктерімен бөлісті.
Жиын соңында сайлау науқанында жеткен жетістіктері мен үздік қызмет көрсеткендер арнайы марапатқа ие болды.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы