1.10.2025, 18:00
Оқылды: 100

Тасқала ауданында «Ауыл Life» жобасы өтті

«Ауыл Life» - Дала өмірін бірге сезін жобасының қатысушылары Тасқал ауданына келіп, тағылымы мол іс-шаралар өткізді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, қала мен ауыл жастары арасында пікір алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара батыс өңірінің белсенді жастарын біріктіретін жоба.

Ауыл лайф (7)

Іс-шара аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен  «Ауыл кеші – жастық үн атты» атты концерттік бағдарламамен басталды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез құттықтау сөз сөйлеп, жоба жұмысына сәттілік тіледі.

Ауыл лайф (1)

Одан кейін сөз алған «Ауыл Life» жобасының негізін қалаушы Аңсар Ихсанұлы шараның өтуіне қолдау білдірген аудан әкімдігіне және аудандық жастар ресурстық орталығына алғысын білдіріп, жобаның маңыздылығын атап өтті.

Жоба аясында аудан орталығында бірнеше бағытта іс-шаралар ұйымдастырылды. Шаш қию өнері бойынша шеберлік сабағы өткізіліп, облысқа танымал барбер Берік Қайырша тәжірибесімен бөлісіп, кез келген тілек білдірушіге шаш қиюдың қыр-сырын үйретті. Сондай-ақ, «Балаңызды дамытуды бірге бастайық»  атты кездесу өтті. Кездесу «Super start» балалар дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте өткізіліп, оған білім және тәрбие саласының мамандары қатысты.

Ауыл лайф (4)

Түстен кейін жоба ұлттық спорттық-мәдени бағыттағы «Дала дағдылары» сайыстарымен жалғасты. Қатысушылар үш командаға бөлініп, әртүрлі сайыстарда өзара сынға түсті. Әр команда алдымен өзін таныстырып, кейін дәстүрлі өмір көріністерін көрсететін жарыстарға қатысты. Әр команда сапында 3 ер және екі қыз бала өнер көрсетті. Олар сиыр сауу, қой бөлу, қи ою, шаш өру, арқан тарту, құрық салу, қой көтеру, бешбармақ жаю сынды кезнңдерде бақтарын сынады. Барлық сайыс белгілі уақыт аралығында өтіп, әділқазылар алқасы әр команданың өнерін бағалап отырды.

Ауыл лайф (3)

Тартысты өткен сайыс қорытындысында «Қызылдар» командасы жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Сарылар» командасы иеленсе, үшінші орынға «Жасылдар» командасы жайғасты.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен, медальдармен және арнайы кубоктармен марапатталды.

Ауыл лайф (5)

«Ауыл Life» жобасы 2021 жылы алғаш рет Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылында бастау алды. Араға төрт жыл салып, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауыменен, «Zaman Jastar» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруыменен қайта жандануда. Биыл Қазталов, Тасқала және Бөкей Орда аудандарында өтеді. Жобаның мақсаты жастардың басын біріктіріп, ауылдық өмірдің бір күндік өмірін көрсету, ауыл өмірінің шынайы көрінісімен таныстырып, дәстүрлі құндылықтармен байланыстыру. Сайыстар әр ауданда ауысып тұрады. Қатысушылар да ауысады.  Жоба алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», - дейді облыстық ресурстық орталықтың басшысы Аңсар Ибраев.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале