Тасқала ауданына жұмыс сапар мен келген Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Түйгінбетов еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатымен бірқатар маңызды кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – еңбек ұжымдары арасында заң талаптарын кеңінен түсіндіру, жұмысшылардың құқықтық сауатын арттыру, еңбек қатынасына байланысты туындайтын мәселенің алдын алу. Алдымен ол аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмысшыларымен арнайы жиын өткізді. Бұл басқосуға аудан әкімінің орынбасары Рауан Бисенғалиев пен аудандық прокурор Алмас Унаев қатысты. Одан кейін аудандық аурухана ұжымымен кездесті. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне арналған жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез және аудандық аурухана директоры Руслан Бралов қатысты. Жиын барысында еңбек тәртібі, жұмыс уақытының реттелуі, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдігі мен еңбек құқығын қорғау бағыттары жан-жақты түсіндірілді.

Кездесулерде Арман Оразұлы бастаған инспекторлар еңбек заңнамасының негізгі талаптарын баяндап, еңбек ұжымдарының сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Ел Аман,
Тасқала ауданы