16.10.2026, 12:15
Оқылды: 9

Тасқала ауданында қайырымдылық айлығы аясында ретро кеш ұйымдастырылды

Тасқала ауданында қайырымдылық айлығы аясында «Алан Гранд Холл» мейрамханасында ерекше жандарға арналған «Мейірімге толы әлем» атты ретро кеш ұйымдастырылды.

«Ретро Party» форматында өткен мерекелік шараның басты мақсаты қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жүректеріне жылулық ұялату, достық пен сыйластықты нығайту.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар қатарында Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин, әлеуметтік сала үздігі, еңбек ардагерлері Раушан Мұсалимова мен Батима Кентуғаева, Тасқала аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ахметжан Губайдуллин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рауан Бермұханов  және ерекше жандар қатысты.

image-16-10-26-09-41

Шара барысында қонақтар да өздерінің ақжарма тілектерін білдіріп, осындай игі бастамаға ұйытқы болған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді, қатысушыларға көрсетілген құрмет пен ықылас олардың көңілдеріне қуаныш ұялатып, мерекенің мәнін арттыра түсті.

image-16-10-26-09-41-3

Ретро кеш - жай ғана ән мен бидің мерекесі емес, ол – өткенге тағзым, естелікке құрмет, адамдар арасындағы мейірім мен сыйластықтың көрінісі. Жылдар өтсе де, сән өзгерсе де, адам жанының жылуға, ізгілікке және шынайы қарым-қатынасқа деген қажеттілігі ешқашан өзгермейді.

image-16-10-26-09-41-2

«Мейірімге толы әлем» атты кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, жүректеріне жылулық ұялатып, ұмытылмас әсер қалдырды. Осындай тағылымды шаралар арқылы қоғамда қайырымдылық пен қамқорлықтың мәні артып, әр адамның өзін құрметті әрі қадірлі сезінуіне жол ашылады.

 

Гүлмира Мақанова, 

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале