20.02.2025, 21:00
Оқылды: 322

Тасқала ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Бүгін Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллиннің төрағалығымен жиын өтті.

b30f4b37-85e9-4a0a-8be1-825798385b92

Оған аудан прокуроры Алмас Унаев, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Светлана Хисаметдинова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының клиенттермен жұмыс істеу бойынша мененджері Гүлдана Қанатова, «Bereke Bank» АҚ-ның бас клиент мененджері Асламбек Кахар, Тасқала және Бәйтерек аудандары бойынша кәсіпкерлік палатасының директоры Марзия Нұрмұхамбетова мен ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары, дербес бөлім мен мекеме басшылары және аудан кәсіпкерлері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы мәселе көтерілді.
9a6af84d-68f8-4e42-a08d-5d2f0f91328f
Алғаш болып сөз алған ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіров аудан бойынша кәсіпкерлік саласындағы атқарылған жұмыстарды саралап өтті. Одан әрі аудан прокуроры Алмаз Маратұлы кәсіпкерлер тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен олардың құқықтарын қорғау мақсатында облыста мобильді топтың құрылғанын тілге тиек етіп, заңсыз тексерулер мен заңсыз берілген айыппұлдардың алдын алу мақсатында кәсіпкерлермен кездесіп, Атамекен палатасымен бірлесе отырып олардың мұң-мұқтаждарына құлақ түретінін жеткізді. Жалпы кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды одан әрі іске асыра отырып, кәсіпкерлердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, жеке сұрақтары бойынша қабылдауға да дайын екенін айтып өтті.
Одан бөлек «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының клиенттермен жұмыс істеу бойынша мененджері Гүлдана Қанатова сөз алып, кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер мен несиелерге қалай қол жеткізуге болатындығын түсіндірді. Сондай-ақ, «Bereke Bank» АҚ-ның бас клиент мененджері Асламбек Кахар мен Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Светлана Хисаметдиновада кәсіпкерлерге қатысты нақты мәліметтер берді.
Еркін форматта өткен жиында кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале