Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Аталған комиссияның күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды:
Аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және мекеме басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама оқып, туындаған мәселелерді ортаға салды.

Сонымен қатар комиссия мүшелері жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық мәселелерін шешу, сондай-ақ оларға арналған білім беру, құқық қорғау және медициналық көмек көрсету шараларын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Гүлмира Мақанова
Тасқала ауданы